ДӘРІС ОҚЫДЫ

07.11.2022

2022 жылғы 4 қарашада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында өткен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларының біліктілігін арттыруға арналған «ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының мазмұны: деңгейлердің қиындық дәрежесі» тақырыбындағы курс жұмысына қатысып, «Жазылым бөлігінде мазмұндама мәтіндерін таңдау әдістері» туралы дәріс оқыды.

 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін меңгерген ересек азаматтардың үлесін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағалау нысаналы индикаторлар ретінде айқындалып, мемлекеттік тілді ортадан жоғары (В2) және жоғары (С1) деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін анықтау міндеті қойылып, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесін кезең-кезеңімен арттыруда ҚАЗТЕСТ жүйесі негізгі көрсеткіш ретінде анықталған.

«Тілді тіл үшін емес, тілді қолданыстық, практикалық тұрғыдан мақсатты түрде оқыту – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан курстың алдына тест тапсырмаларын әзірлеушілері мен сарапшыларын тіл үйренушінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудағы тілдік білімді бағалау материалдарын әзірлеудегі қолданылатын әдістемелерді пысықтау, тест тапсырмаларының сапасын арттыру, тестіленушілердің әлеуметтік тобына сәйкес тест тапсырмаларын бейімдеу мақсаты қойылған екен. Осы үдеден шығуға тырыстық»,– деді Жазира Мақсұтқызы.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру