«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер республикалық конкурсының қағидалары

26.03.2018

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жұмыс комитетінің

2018 жылғы « 5 » ақпандағы

№ 8 бұйрығымен бекітілген

«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер

республикалық конкурсының қағидалары

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер республикалық конкурсының (бұдан әрі – конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) қазақстандықтардың тіл мәдениетін дамыту және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттау мақсатында әзірленді.
  3. Конкурсты өткізудің мақсаттары:
  • қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
  • жыр, терме жанрын дамыту;
  • жыр, терме жанрын жастардың арасында кеңінен насихаттау.
  1. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 
    Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
  3. Конкурсқа облыстардан және Астана, Алматы қалаларынан 
    16-35 жас аралығындағы бір үміткерден қатысады.
  4. Конкурс 2018 жылдың қараша айында өткізіледі.
  5. Конкурс облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының жәрдемдесуімен өткізіледі.
  6. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
  7. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша түрде Комитетке конкурс жарияланғаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары 15 қазанға дейін мынадай құжаттармен бірге береді:
  • өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • орындалатын шығарманың мәтіні.
  1. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10.Үміткерлерге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес тақырыптық бағыттардағы шығармаларды орындау ұсынылады.

  1. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
  2. Қорытынды ережелер
  3. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін дәстүрлі өнер шеберлерінен, қоғам қайраткерлерінен және зиялы қауым өкілдерінен қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет бекітеді. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.
  4. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) орындалатын шығарманың ұсынылған тақырыптарды қамтуы мен өзектілігі;

2) шығарма мазмұнының тереңдігі;

3) шығарманы орындау шеберлігі;

4) тіл нормасының сақталуы;

5) сахна мәдениеті.

  1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
  2. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

_______________________________

«Текті сөздің төресі – терме»

жыршы-термешілер республикалық конкурсының қағидаларына

қосымша

 

«Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер

республикалық конкурсқа қатысу үшін өтінім

 

  1. Т.А.Ә. ______________________________________________________________

 

  1. Жасы ______________________________________________________________

 

  1. Жынысы ____________________________________________________________

 

  1. Білімі _______________________________________________________________

 

  1. Жұмысы _____________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы___________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары_________________________________________________

 

  1. Наградалары__________________________________________________________

 

  1. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)_________________________________

Қолы

Күні

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру