«MICROSOFT» ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ КЕҢ ӨРІС АШАДЫ
2022 жылғы 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Майкрософт» компаниясының Қазақстандағы оқу-ағарту бағдарламалары жөніндегі менеджері Нәзила Нұрметованың арасында іскер кездесу өтті.
Microsoft компаниясы – қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания. Қазірдің өзінде Google-ден кейін аударма тілдер тобында 60-тан астам тілді қамтып отыр. Компанияның ресми блогындағы жазбаға жүгінсек, Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қолданылады екен. Күні бүгін қазақша сөйлейтін 22 миллионға жуық адам тіркелген. Олардың кириллица әліпбиімен терілген мәтінді Microsoft Translator-да қазақшаға аударуға мүмкіндігі бар.
Кездесу барысында ана тіліміздің өрісін кеңейту туралы кеңінен сөз болды.