Петропавлда латын әліпбиін үйрету орталығы ашылды

14.12.2017
Петропавл қаласында латын әліпбиін үйрету орталығы ашылды. Сабақтар Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тегін беріледі. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Оқу курстарына әр адам жазыла алады. Тәлімгерлер оларды қазақ қарпінің латын графикасы бойынша оқып, жазуды үйретеді. Орталықтың ашылу салтанатына орай ерекше көрме ұйымдастырылды. Онда латын әріптерімен жазылған 100 – ден астам тарихи құжат қойылған. Олардың ең құндысы – 1938 – інші жылы жарық көрген «Жамбыл» кітабы.
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру