ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНУДЕ
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы Алматы қаласында өтті.
Жиынның басты мақсаты: Тұжырымдама жобасын қоғаммен, ғалымдармен талқылап, мүдделі мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен келісу.
Жиынға қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Г.Ходжабергенова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО бас директоры Е.Тлешов Тұжырымдаманың негізгі идеясымен, құрылымы және бағыттарымен таныстырды.
Жобаны талқылауға Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары қатысып, өздерінің маңызды ұсыныстарымен бөлісті.
Жалпы Тұжырымдама жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибелер зерделеніп, алғышарттар белгіленгенін, жаңа жобалар, атап айтқанда тілді цифрландыру, тілді меңгерудің жаңа әдістері және т.б. қарастырылғанын атап өткен жөн.