Популярное
-
Медицина саласындағы терминология мәселелері талқыландыАстана қаласында академик Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина, оның ішінде травматология және ортопедия саласындағы терминология мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
-
«ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» АЛЬМАНАҒЫ: ОҚЫРМАН ОЙ ТОЛҒАЙДЫ, БІЗ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» альманағы қазақ тілінің өзекті проблемаларын оқырман қауымның талқысына ұсына отырып, филология және әлеуметтік ғылымдар (тарих, журналистика, әлеуметтану, психология, т.с.с.) мен тіл саласында қызмет атқарып жүрген тіл мамандарының теориялық, практикалық тұрғыдағы және тілдің функционалдық мүмкіндіктерінен туындаған ойтүйіндерді жариялайды.
-
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРШЫ БЮЛЛЕТЕНІНЕ МАҚАЛА ҚАБЫЛДАЙМЫЗҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенінің 2024 жылғы №2 санына терминологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі ғылыми-публицистикалық мақалаларды 2024 жылғы 14 желтоқсанға дейін қабылдайтынын хабарлайды.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі өткізіп келе жатқан «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау уақыты 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.
-
ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫА.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарына дәріс өткізді. Тіл мамандарының тәжірибе алмасып, біліктілік арттыру шарасы Қазақстан халқы тілдер мерекесі аясында академик Рәбиға Сыздықтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
-
Мемлекет басшысы бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдадыКездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бастама мен жобалар таныстырылды. Министр елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты. Шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.
-
КӨКШЕТАУДА ТІЛ САЯСАТЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясатын тиімді іске асыру мәселелері бойынша алқалы жиын өткізді. 28 маусым күні өткен республикалық іс-шара Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны қолдану аясын, әсіресе ғылым мен білім беру саласында одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыру бойынша берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Ойталқыда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының бас директорының орынбасары, PhD Өркен Мамырбаев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың аға оқытушысы, PhD Жансая Омарова сөз алды. Олар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін өздігінен оқып-үйренуге арналған ІТ-өнімдердің қолданысқа енгізу, қазақ тілінде сөйлеуді танитын жасанды интеллекті, креативті индустрия және қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
-
Қостанайда Ш. Шаяхметовтың 85 жылдығына арналған іс-шара өтті27-28 маусым күндері Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Шайсұлтан Шаяхметовтың 85 жылдығына орай «Тіл – халық рухы» республикалық ашық есік күнін өткізді.