ДӘРІС ҚЫЗЫҚТЫ БОЛА ТҮСУДЕ
2023 жылғы 3 наурыз күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Айгүл Орманова меморандум аясында «ҚазМедиа» орталығында қазақ тілін үйретуге арналған кезекті дәрісін өткізді.
Дәріске техникалық жағынан сүйемелдеуші топ мүшелері қатысты.
«Қазақ тілінің табиғатын сездіру мақсатында, әрі қазақ тіліндегі лексикалық қорын молайту және ойын әдемі де еркін жеткізе білу үшін«Өзім туралы айтсам..» деген тақырыпты әдейі таңдап алдық. Сөйтіп әрбір қатысушы өзінің әуес ісі, сүйікті фильмдері мен тағамдары әңгімелеп берді. Тақырып төңірегінде қызу пікір таласы да болмай қалған жоқ. Жиналғандар жиі-жиі әзіл күлкінің құшағына жиі көміліп қалып отырды. Әлбетте, мұның бәрінің қазақ тілін үйренуде көмегі көп болады»,– дейді Айгүл Әділбекқызы.