«ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАГЕРІ» қалалық Ілияс оқулары

07.04.2023

2023 жылғы 7 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Төкенқызы Астана қаласындағы І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында өткен «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты қалалық Ілияс оқуларына қатысты.

Орталық мамандарының ардақты ана тіліміздің құдіретін насихаттау барысында түрлі деңгейлердегі шараларға ұдайы атсалысып келеді. Бұл жолы ғалым әріптесіміз  оқушыларға  ақынның шығармашылық мұрасы  туралы кеңінен мағлұмат беріп қайтты. 

«Ұлы ақын өнерді бар жан-тәнімен түсінген, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан әлемінен ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей ғажап туындылар жаралады. Сондықтан, қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған ақын шығармаларының тілі туралы айтып, ақынның суреткерлік шеберлігін мысалдар арқылы ашып беруге тырыстым. Ал, жырды ұға білген жүректің ұлтын сүйетініне еш күмән жоқ»,– дейді Гүлнәз Төкенқызы.

Комментарии (0)
Оставить комментарий