СЕМИНАР: Заң терминдерін біріздендіру мәселесі талқыланады
«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Заң терминологиясы: жіктелім, біріздендіру және аударма» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өткізеді.
Астанада өтетін ғылыми басқосуда заң терминдерін дамытудың қолданбалы және теориялық аспектілері жан-жақты қарастырылып, негізгі ғылыми ұстанымдар талқыланады. Сонымен қатар Қазақстандағы заңнамалық құжаттардағы салалық терминдерді жетілдіру, ұлттық негіздегі заң тілін қалыптастыру, терминдік тіркестер мен тілдік оралымдардың тізбесіне сараптамалық талдау жасалып, ұсыныстар айтылады.
Онлайн және офлайн форматта өтетін семинарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, ЖОО оқытушы-ғалымдары, заңгерлер мен құқықтанушылар, орталық атқарушы органдардағы салалық терминологиялық секция жұмысына жауапты мамандар мен жергілікті атқарушы органдардың терминология саласына жауапты қызметкерлері қатысады.
Нәтижесінде салалық терминологияның даму бағыты айқындалып, белгіленген тақырыптар бойынша практикалық тұрғыдан мәселені шешудің жолдары талданады.