«Тіл-Қазына» Бас директоры Jibek Joly арнасына сұхбат берді

26.08.2025

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай Jibek Joly телеарнасы «Бүгін Live» бағдарламасының тікелей эфирінде қонақ болып, «Жасанды интеллект және қазақ тілі» тақырыбында сұхбат беріп, қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі рөлі жөнінде өзекті пікірлерін ортаға салды. Сұхбат барысында ол тілдің дамуы мен жасанды интеллект жүйелеріндегі орнына қатысты маңызды ойлар айтты.

 

Мақпал Құрманжанқызының айтуынша, қазақ тілі бүгінде қоғамдық өмірдің барлық саласында біртіндеп өз орнын алып келеді. Алайда бұл табиғи түрде өздігінен жүзеге аса салатын құбылыс емес. Тілдің қолданыс аясының кеңеюі әрбір азаматтың белсенді қатысуына тікелей байланысты. Сондықтан тілді күнделікті қарым-қатынаста ғана емес, ресми ортада да, сондай-ақ цифрлық технологиялармен әрекеттесу кезінде де кеңінен қолдану қажет.

 

Ол қазақ тілінің жасанды интеллект жүйелеріндегі қолданысы сол жүйелерге берілетін сұрақтар мен ұсынылатын ақпаратқа тәуелді екенін атап өтті. Мәселен, GPT секілді жүйелер қолданушылар тарапынан қойылған сауалдар негізінде оқып, үйренеді. Егер біз жаңа отандық платформаларда қазақ тілін жиі қолдансақ, онда мұндай жүйелер тіліміздің құрылымы мен мазмұнын тереңірек меңгереді. Демек, тілдің болашағы – оны сандық кеңістікте белсенді пайдалануымызға тікелей байланысты. Әрбір қазақша қойылған сұрақ – тіліміздің даму жолындағы нақты қадам.

Комментарии (0)
Оставить комментарий