Астанада республикалық терминология комиссиясының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы отырысы өтті

10.10.2025

2025 жылғы 9 қазанда Республикалық терминология комиссиясының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы үшінші отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Комиссия мүшелері мен сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде 2025 жылғы «Заң саласының терминдері» республикалық байқауының қорытындысы негізінде қазақша баламасы сәтті деп танылған терминдерді бекіту, қолданыстағы жекелеген терминдерді қайта қарау және жаңадан жасалған терминдерді талқылау, нормативтік-құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерін жүйелеу, реттеу мәселелері қаралды.

Отырыста салалық терминологиялық қорды жетілдіру, қазақ тілінің ғылыми және ресми қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі терминологиялық бірізділікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар тарапынан бірқатар нақты ұсыныстар енгізіліп, шешімдер қабылданды.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий