Электронная площадь "Содержание и структура казахской терминологии"

19.08.2019

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ әзірлеген "Терминком.кз" сайтында арнайы платформа іске қосылды. «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы қазақ терминологиясын жетілдіруге бағытталған, ұлттық терминологиялық қорды толықтыруды көздейтін платформа. Бүгінгі таңда «алаңда» салалық терминдерді көпшілік алдында талқылауға, бекітуге ұсынылатын терминдермен танысуға, әрбір терминге балама ретінде өз нұсқаңызды салуға, алаңда талқыланған терминдерге дауыс беруге, офлайн форматындағы конференция арқылы дәріс оқушыға сұрақ қоюға, алаңда орналасқан онлайн семинар және конференцияларға қатысуға, алаңда талқыланған мәселелерді әлеуметтік желілер арқылы бөлісуге болады.

Электрондық алаңда «Бекітуге ұсынылатын терминдер», «Заманауи терминдер», «Қор толықтыру», «Семинар - конференциялар» сынды ұяшықтар орналасқан. Алаңға қатысушылар 3 категорияға бөлінген: 1- ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, 2-орталық атқарушы органдардың тіл саласына жауапты мамандары, 3- жалпы жұртшылық. Сондай-ақ еліміздің Ш.Құрманбайұлы, Қ.Айдарбек, Б.Жонкешов сынды терминолог ғалымдары алаңның сарапшылары болып табылады. Бүгіндеаталған «алаң» терминдерді көпшілік алдында талқылау алаңына айналып отыр.

Қазақ терминологиясының дамуына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, онда АЛАҢҒА тіркеліңіз!

Комментарии (0)
Оставить комментарий