Имамдар біліктілігін арттырды

25.09.2019

Орталық мешітте 2019 жылғы 20-27 тамыз аралығында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Үш байлық» қоғамдық бірлестігі «Елтаным» жобасының аясында имамдардың біліктілігін жоғарлатуға бағытталған оқыту семинарларын өткізді.

Семинардың мақсаты - қазақтың салт-дәстүрін білуі бойынша имамдар мен дін қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату, ұлттық салт-дәстүрді және ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектерін халық арасында насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Имамдардың біліктілігін жоғарылатуға бағытталған оқыту семинарын тамыздың 20-ы мен 27-ші күні «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Жалпы гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хатран Досымбек өткізді. Әрі қарай дәрісті 2019 жылғы 22 тамыз сағат 10:00-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы жалғастырды.

Ал, 4-ші семинар 2019 жылғы 29 тамыз сағат 10:00-де «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде өтеді. Семинарды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, дінтанушы Керім Шамшәдин Тұрсынұлы жүргізеді.

Семинар тақырыбы: Қазақ даласына исламды таратушы тұлғалар Ортағасырлық ғұламалар мен ақындар

1. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері

2. Әмір Кәтиб әл-Итқанидің өмірі мен еңбектері (заманы, фиқһ пен усул-фиқһқа қатысты еңбектері, өлеңдері)

3. Ас-Сығанақидің өмірі мен еңбектері (ғылыми ортасы, фиқһқа, усул-фиқһқа қатысты еңбектері)

4. Қожа Ахметтің Яссауидің шығармашылығы

5. Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білігі»

6. Сүлеймен Бақырғани

7. Сопы Аллаяр.

ХVІІІ-ХХ ғасырдағы тұлғалар

8. Бұхар жырау

9. Ыбырай Алтынсарин

10. Абай Құнанбаев және дін

11. Шәкәрім Құдайбердіұлы және дін

12. Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы мен еңбектері

13. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өмірі мен діни сипатты өлеңдері

14 . Әбубәкір Кердерінің өлеңдеріндегі дін мәселесі

15. Сәдуақас Ғылманидың өмірі мен еңбектері

16. Ғұмар Қараштың діни еңбектері мен поэзиялық мұрасы

17. Мұқағали Мақатаев және т.б.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий