Қазақ тілін үйренетін 5 сайт тізімі

29.03.2020

«Тilqural.kz» платформасы - қазақ тілін өз бетінше онлайн үйренуге мүмкіндік жасайды. https://tilqural.kz/ арқылы тілді инновациялық әдістермен оңай әрі тез А1, А2, В1 деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік аласыз. Сіз үшін telegram-бот қызметі де іске қосылған.

 

Бала тілі ана тілінде шықсын десеңіз «Bala tili.kz» сайты қызметін пайдаланыңыз. Сайт арқылы баланың қазақ тіліне деген құрметін, қызығушылығын оятуға, интеллектісін қалыптастыруға, қазақ тіліндегі қызықты мәліметтерді үйретуге, көңіл көтеріп, түрлі тапсырмалар жасауына, ертегі оқып, анимациялық фильмдер қарауына болады. Сонымен қатар, ата-аналарға, тәрбиешілерге арналған көмекші құралдар да http://balatili.kz/ топтастырылған.

 

Sozdikqor.kz порталы - қазақ тіліндегі сөздердің мағынасын танып, білуге мүмкіндік береді. Платформа арқылы әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер, тұрақты сөз тіркестері, қазақ тіліндегі көне сөздер, кірме сөздер, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын оқуға болады. «Сөздікқор» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін біле аласыз. Яғни, https://sozdikqor.kz/ үйде отырып, сөздікқорыңызды толықтырудың таптырмас мүмкіндігі. Айта кетейік, порталдың telegram-бот қызметі жұмыс жасайды.

 

Қазақ тілін жаңа әліпбимен үйренуді көздесеңіз Qazlatyn.kz сайты көмекші бола алады. Сайт арқылы түрлі әдістемеліктермен, қажетті ақпараттармен таныса отырып, арнайы платформа арқылы мәтінді кириллицадан латын қарпіне автоматты түрде көшіре аласыз. https://www.qazlatyn.kz/converter/text - қызметі арқылы мәтінді және кез келген құжат форматын кириллицадан латын қарпіне автоматты конвертациялауға болады.

 

Қазақ тілін меңгеру барысында терминдерге қатысты сұрақтың туындамауы мүмкін емес. Сондықтан терминдерді біріздендіруге бағытталған «Termincom.kz» сайтын да қарауды ұсынамыз. Сайттан түрлі саладағы терминдердің бекітілген баламасымен танысып, тіпті https://termincom.kz/alan платформасына тіркеліп, терминолог, тілші ғалымдарға тікелей сауалыңызды жолдай аласыз. Сонымен қатар терминдер туралы өз пікіріңізді білдіруге болады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий