"Үздік сабақ-2020" байқауы

30.03.2020

Байқауға өтінімдер 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 маусымы аралығында қабылданады.

 

Байқау мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу мақсатында ұйымдастырылады.

 

Онлайн байқауға кәсіби қазақ тілінің оқытушылары, әдіскерлер қатыса алады. Тек кәсіби мамандар арасында өтетін байқауда креативті тәсілдер қолданған сабақ авторы ғана жеңімпаз болады және үздік сабақ тәжірибеден өткізіліп, оқыту орталықтарында жүйелі методикаға айналады.

 

Байқауға қатысу үшін:

1. Байқау қатысушысы мемлекеттік қызметшілерге кәсіби қазақ тілін үйретуге бағытталған (кәсіби саланың кез келген бағытын қамтуға болады) 45 минуттық сабақ үлгісін adisker2020@bk.ru электронды адресіне жолдауы тиіс;

2. Сабақ жоспары А4 форматындағы 3-4 беттен аспауы қажет (Times New Roman шрифтісі, символ өлшемі 14, жоларалық интервал – 1).

 

Сабақ үлгісіне қойлатын негізгі талаптар:

  • Сабақ тақырыбының нақтылығы;
  • Сабақтың мақсаты (тіл үйренушілерге дұрыс бағдар беретін, нақты нәтиже шығаратын SMART мақсат қою);
  • Сабақтың жүйелігі;
  • Сабақтың белсенді лексикасы (кәсіби сала терминдері);
  • Мәтінмен жұмыстың қамтылуы;
  • Нәтижеге бағытталған әдістің қолданылуы;
  • Жаңашыл әдістің қолданылуы;
  • Сөйлеу әрекетінің төрт түріне (оқылым-жазылым, тыңдалым-айтылым) арналған инновациялық жаттығулардың болуы;
  • Рефлексиядағдысын қалыптастыру (тіл үйренушінің) әдісі;
  • Сабақты қорытындылау шеберлігі.

 

Ескерту! Сабақ үлгісі жалпы және негізгі талаптарға толық сәйкес болуы қажет.

 

 

Байқау қорытындысы:

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамын Орталық бекітеді.

«Үздік сабақ-2020» онлайн байқауының нәтижесі 2020 жылдың 8 маусымында http://tilalemi.kz сайтында жарияланады.

Байқауға қатысушыларға сертификат, алғысхат, жүлдегерлерге дипломдар электронды түрде табысталады.

 

Байланыс телефоны: 8-747-031-16-32

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий