АЙДОС ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ: «ТІЛ ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ДЕ ПАЙДАЛАНЫЛУДА»

06.10.2020
«Қазақтың шешендігі, көреген көсемдігі, асыл сөз айдыны – Ана тіл байлығы». «Сөйлеу мәдениеті» хабары ылғи осылай басталады. Бұған алып-қосарымыз жоқ. Шыны солай. Бұл жолғы жүздесуді журналист Айнұр Шамшейітқызы былай деп бастады: «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарып жатқан шаралары ұшан-теңіз. Біздің мақсатымыз сол жүмыстарды, сол атқарылған істерді насихаттау».

Сұхбат иесі – орталық директорының орынбасары Айдос Тұрсынбайұлы жан-жақты әңгімелеп берді. Әсіресе, кез келген адамға қазақ тілін үйренуге арналған «Тіл құрал» порталы туралы ойы әдемі шықты:

«Әрине, интернет желісінде мұндай әдіс кеңінен қолданылып жүр ғой деп айтушылар табылуы мүмкін. Бірақ, мұнда жасанды интеллект технологиясы жұмыс жасайды. Әр адамның үйрену барысындағы қарым-қабілетін есіне сақтап, оған үйренудің тиімді жолын ұсынады».

 

Сұқбаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/news/7957/

Комментарии (0)
Оставить комментарий