Болашақ – қазақ тілінде

21.01.2021
Қазақ тілін меңгеруге қатысты Президент «Ең бастысы, ынта болуы керек» деді. Ынтаны қажеттілік, қажеттілікті та­лап, талапты лайықты заң туғызады. Заң жоқ емес. Бар. Президент атап өткендей, «Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені Ата Заңымызда 90-жылдардағы күрделі кезеңнің өзінде жазылған». Одан бері 30 жыл өтті. Тәуел­­сіздігіміз нығайды. Күрделі кезең артта қалды. Сондықтан сол өтпелі кезеңде жазылған заңның солқылдақ тұстарын жетілдіретін уақыт келді.

Бұған дейін Мемлекет бас­­­шысы қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керегін де айтқан болатын. Яғни, еліміздегі барлық ұлт өкілде­рін қазақ ұлтының маңайы­на топ­тастыра, ұлт ретінде ұйыстыра алатын ұлы күш мем­лекеттік тіл екеніне назар ау­дарт­­қан. Осы жолғы мақа­ласында да Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінде мемле­кеттік тілді білетін қазақтың да, өзге ұлт өкілдерінің де үлесі едәуір арт­­ты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды бі­ріктіруші факторға айнал­ды­рудың барлық құқықтық тәсілдері және кепіл­­діктері қалып­­­­тасты» деп атап өтті. Тілі бірдің – тілегі бір. Оған нақты негіз бар. 2020 жылғы әлеу­меттік зерттеулерге сүйенсек, елі­мізде қазақ тілін орыс­тар 45,3 пайыз, өзге ұлт өкілдері 49,3 пайыз меңгерген. Олардың бәрі қазақтың батырлар жырын жатқа айта алмаса да, мем­лекеттік тілді түсінеді, аза­мат­тармен қоғамдық қатынаста тілді қолдана алады. Нақтырақ айтсақ, сауалнамаға қатысқан 10 мың адамның ара­­­сында қазақ­тардың 50,7 пайызы, орыс­тардың 22,3 пайызы, ал өзге ұлт өкілдерінің 18,6 пайызы қа­­­зақша еркін сөй­лейді, оқиды және жаза алады. Бұл тілді меңгеру үле­сінің арта түскенін көрсетеді.

Міне, сондықтан да «Орыс­тілділер қазақ тілін үйренгісі кел­мейді» деген негізсіз миф пен «мем­­лекеттік тілдің ел өміріне тереңдей енуіне орыстар қарсы бо­луы мүм­кін» деген отарлық заманнан қалған жалған үрейдің заманы өтті. Шын мәнінде, Қа­зақстанның әрбір азаматы өз тағдырын тәуелсіз Қа­зақстанмен және оның құқығы мен бостан­дықтарына кепілдік беретін Ата Заңымен, оның мәдениетімен және тілімен байланыстыра қа­райды. Өзге ұлт өкілдерінің, әсі­ресе орыстардың қазақ тілін таза мең­геріп алғандарының қатары өсті, меңгеруге деген ұмтылыс та жоғары. Мәселен, Тіл саясаты комитеті өткен 2020 жылы «Тіл – Тәуелсіздік символы» шарасы аясында бүкіл рес­публикалық деңгейде өзге ұлт өкіл­дері арасында «Мен қазақша сөйлеймін» ак­циясын өткізді. Сонда 5 – 60 жас ара­лығындағы өзге ұлт өкілдері (басым бөлігі орыстар) қазақтың батырлар жырын жатқа айтудан сайысқа түсті. Шынын айтайын, бүгінде батырлар жырын нәшіне келтіріп дәл осылай жатқа айтатын қазақ жастарының өзі бірен-саран. Тілді үйрену – ниеттен екені рас. Ниеттенді, үйренді, еш қиналған жоқ. Бұдан бөлек, Тіл саясаты комитеті этнос өкілдерімен өткіз­ген жиын барысында өзге ұлт өкіл­дері Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау жөнінде үндеу қабыл­дағаны да баршаға мәлім. Жалпы, Парламентте, министрліктерде, бизнесте, БАҚ-та, басқа да сала­ларда қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері саны жыл санап артып келе жатқанына жұрт куә. Сондықтан Президенттің «Мем­лекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады» деп батыл айтуының осындай алғышарттары бар.

Мақаланың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://aikyn.kz/104580/%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d...

Комментарии (0)
Оставить комментарий