Байқау жалғасады!
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін іске асыру.
Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуге жағдай жасау, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту.
Байқау:
1. Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу;
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2021 жылдың 31 наурызы сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).
Байқауды ұйымдастырушыға келесі көрсетілген ақпарат берілуі тиіс:
-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;
-Жобаның бағалық ұсынысы;
-Бейнероликтердің пилоттық нұсқасы;
-Толық толтырылған өтінім.
Байқауға қатысуға қажетті құжаттарды tilalemi.kz@gmail.com адресіне жолдауға, пошта қызметі арқылы немесе тікелей көрсетілген мекенжайға әкелуге болады.
Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы Сығанақ көшесі №25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.
Сараптамалық кеңестің отырысы 2021 жылдың 1 сәуірінде өтеді.
Байқау қорытындысы https://tilqazyna.kz/, https://tilalemi.kz/ сайттарында жарияланады.
Ескерту!
Құжаттары толық жинақталмаған, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.
Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-71-33 (Ақпараттық технологиялар басқармасы) нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.
Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеудің техникалық сипаттамасы (word нұсқада):
https://drive.google.com/file/d/1MmpYnVlwPDipx-t21...
https://drive.google.com/file/d/1tdtX4AxCA0mTjo-In...
https://drive.google.com/file/d/1wMEFMmO-Voj8bRnz5...
Өтінім үлгісі: