«ҚОЛАҢ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ
Мұнар ата мен Алпамыс екеуінің арасындағы әңгіме барысында Мұнар атаның қолындағы шыбын-шіркейді қағып отырған желпуіш құралын көрдіңіздер ме?
❇️ Міне осы құрал – ҚОЛАҢ деп аталады.
⠀
1. «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» он бес томдықтың 9-томы
⠀
ҚОЛАҢ - зат.этн.көне. аттың қалың қылынан немесе басқа да қылдан қалың етіп жасалған шашағы, әшекейленіп ағаш, сүйек сияқты т.б. қатты заттан жасалған сабы бар маса, шыбын-шіркейден қорынуға арналған желпеуіш құрал.
⠀
Менің немді сұрайсың?
Бұқар барсаң ҚОЛАҢ бар,
Қолаңды көр де, шашым көр (Ер Тарғын).
⠀
Тағы бір айта кететіні - Мұнар атаның рөлінде Қазақстанның
халық артисі Қанабек Байсейітов (Күләш Байсейітованың күйеуі). Өмірден өтер шағындағы соңғы рөлдерінің бірі екен.
⠀
2.сын. Қалың, жуан, ұзын (шаш) деген мағынаны білдіреді.
⠀
Етіндей жас баланың білегі бар,
Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы.
ҚОЛАҢ қара шашы бар жібек талды,
Торғындай толқын ұрып көз таңдайды (Абай, Тол. жин.).
⠀
3. зат. Байырғы қазақ қоғамындағы әртүрлі төмен әлеуметтік топтардың өкілдері.
Тазша болып Қозыкем кетті дейді,
Аякөзден сал байлап өтті дейді.
Әшейін-ақ ҚОЛАҢдар адым басып,
Қарабайдың қасына кетті дейді (Қозы Көрпеш.).
⠀
Ал көрші-қолаң мен қоңсы-қолаң сөздерінің «қолаң» сөзіне қандай байланысы бар? Сіздің ойыңыз бен пікіріңіз біз үшін маңызды.