«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСНАМАСЫ»

14.04.2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 16 сәуірінде «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы» тақырыбы аясында онлайн режімде әдістемелік семинар ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тілді оқытудың базалық әдіснамасының негіздері мен әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, «балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орындары – магистратура – мемлекеттік құрылымдарда» қазақ тілін деңгейлеп үйрету жүйесінің жаңа жолдарын іздеу, әдіснамасын қалыптастыру.

Семинарда қазақ тілін оқытудың қалыптасқан әдіснамасының артықшылықтары мен кемшіліктері сараланып, қазақ тілін меңгертуде шет тілін үйретудің жалпыеуропалық құзыреттіліктерін басшылыққа алу мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ қоғамның түрлі саласында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту жағдайы талданады, Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді деңгейлеп меңгерту жүйесінің стратегиясы мен оны іске асыру тетіктері жайлы мәселер қозғалады.

Онлайн бас қосуда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филол.ғ.к. Ербол ТілешовМ.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалы Филология кафедрасының профессоры, пед.ғ.д. Несібелі Құрман, Ноттингем университетінің (Ұлыбритания) докторанты, филол.ғ.к. Оспан Еділбай, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры, педагогика және психология ғылымдарының

 

магистрі Манара Адамова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филол.ғ.к. Алмагүл Мұқышева, Назарбаев зияткерлік мектебі «Лингвистикалық бағыттағы пәндер» бөлімінің аға менеджері, филол.ғ.к. Нұрлыгүл Дәулеткереева, М.S. Narıkbaev atyndaģy КАZGUU Unıversıtetiniń доценті, филол.ғ.к. Қарлығаш Дүсіпбаева, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Қазтест жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы, пед.ғ.к. Мәншүк Мұқаметқали осы мәселеге қатысты ұсыныстарымен бөліседі.

Республикалық семинарға «Мектепте дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мамандары, орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім беру саласының қызметкерлері, Тілдерді дамыту басқармасы мен оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары қатысады.

Онлайн семинар Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының фейсбук, инстаграм желісіндегі парақшасында көрсетіледі.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий