ҮЛДЕ МЕН БҮЛДЕ Қандай мата түрлері?

23.04.2021
Үлде зат. 1. Қымбат жұқа мата. ⠀ Ақ үлдір үлдемен бүркеп, көк бүліспен орап тастапты (А.Тоқмағамбетов, Әке.) ⠀ Үлдемен басын ораған, Семсермен шашын тараған (Үш ғасыр). ⠀ 2. ауыс. Бала деген жас үлде (Ер Қосай). ⠀ Үлде мен бүлде Қымбат маталар, ылғи асыл киімдер.

Қызыл мынау кигені – үлде мен бүлде (З.Шашкин, Сенім)

Тәтті тамақ, үлде мен бүлде, алтын, түрлі-түсті тамдар, музыка, алыс жерлердің қолға түспейтін құстары һәм ғашық ханның жалынды құшағы (М.Жұмабаев, Шығ.).

Ел жатса да Ақбілек ояу, оның қиялында келешектегі сұлу өмір, Өзін ұзатқан екен дейді. Басында жібек желек, кигені үлде мен бүлде (Ж, Аймауытов, Шығ.).

Үлде мен бүлде → шелк и парча

Үлде мен бүлдеге орану → одеваться богато (букв. в шелк и парчу)

үлде мен бүлдеге орап өсірген қыз → девушка, выросшая в шелке и парче (т.е. воспитанная в холе и неге)

Үлде мен бүлдеге орады - бар жақсыны үстіне ілді, барын кигізді.

Үлде мен бүлдеге бөледі - барынша жақсы киіндірді, әлпештеп бақты.

Үлде мен бүлдеге малынды - ішкені алдында, ішпегені артында, бақытқа бөленді.

Ақпарат ұнаса, бөлісуді ұмытпаңыз.

#sozdikqor.kz, #sozdik.kz

Комментарии (0)
Оставить комментарий