СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

13.05.2021
ҮРКЕР зат. астр. Жазда таң алдында, ал күзде төбеден көрінетін, 6-7 жұлдыздан құралған (топталған) шоқжұлдыз.

ШОЛПАН

зат. астр. Таң алдында туатын, үлкен жарық жұлдыз (планета).


ҚҰЙРЫҚТЫ ЖҰЛДЫЗ

астр. <грек. kometes> аспанда оқта-текте тұманданған нысан түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, орта тұсында ядросы бар аспан денесі.
Кометаның жұлдызға ұқсап жарқырап созылған құйрығы бар сияқты болып көрінгендіктен, қазақтар «құйрықты жұлдыз» деп атап кеткен (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін туралы).


ЕСЕКҚЫРҒАН
зат. астр. Юпитер планетасының қазақ арасындағы ежелгі аты. Юпитер кейде Шолпандай жалтырайтын болғандықтан оны Шолпанмен шатастырып алуға болмайды, оны қазақша Есекқырған деуі де осыдан (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).


КӨКБОЗАТ

Темірқазық жұлдызын айналып жүретін аспанның солтүстік бөлігіндегі жыл бойы батпайтын жұлдыз.

Ал кейбір деректерде САНЖАР – Сатурнның (зұхалдың) қазақша атауы делінген.

Қазақтар Ақбозат пен Көкбозатты және Жетіқарақшыны Темірқазық жұлдызын анықтау үшін пайдаланады. Ал Темірқазық жұлдызы бағыт-бағдар анықтау үшін қажет болғаны белгілі. Қазақтың космогониялық мифтік қисын бойынша «...Ақбозат пен Көкбозат екі батырдың Темірқазықты айнала жайылып жүрген аттары. Ал Жетіқарақшы осы екі атты ұрлау үшін соңдарына түсіп аңдып жүреді» – екен деседі.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий