МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫҒА ИЕ БОЛ!
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағы және «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендері әзірленеді. Мемлекеттік тілдің маңызды салаларын қамтитын басылымдардың сапасын арттыру мақсатында редакция қаламақысын төлей отырып, мақала қабылдайды.
ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер – барлық жерде 2 см;
Мақаланың көлемі 5-7 бет;
Мақала атауы бас әріптермен, автор туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, суреті) жазылады;
Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
Мақалалар Tilqogam@gmail.com электронды поштасы арқылы 2021 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ
Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
Электронды журналдар www.tilalemi.kz, www.termincom.kz сайттарында орналастырылады.
Жалпы Ереже мына сілтемеде: https://drive.google.com/file/d/1iraUCQIpGMxN9Zoe_... толық көрсетілген.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-30-43, 8-701-109-76-14