«Кірме сөздердің, ономастикалық атаулардың латын графикасында игерілуі: талқы және тәжірибе» атты халықаралық онлайн семинар-кеңесі
Өтетін күні: 2021 жылғы 1 қазан, бейсенбі
Өтетін орны: ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимде (Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7 а)
2021 жылғы 1 қазанда сағат 14:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Кірме сөздердің, ономастикалық атаулардың латын графикасында игерілуі: талқы және тәжірибе» атты халықаралық онлайн семинар-кеңесің өткізеді.
Семинар-кеңестің мақсаты – латын әліпбиіне көшкен түркі тілдерінің және кірме сөздер мен ономастикалық атауларды, неологизмдерді игеру тәжірибелерін негізге алу және біріздендірудің мүмкіндіктерін қарастыру. Сонымен қатар Еуропа тілдерінің осы бағыттағы ғылыми тәжірибелерін саралау.
Семинар-кеңесінде «Ономастикалық атаулардың жазылуын реформалаудың алғышарттары» Қыздархан Рысберген, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор, «Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі әзербайжан тіліндегі ономастикалық вахидтердің орфографиялық ерекшеліктері (қазіргі кезең)» Елчин Ибрахимов, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы И.Насими атындағы Тіл білім институтының Түркі тілдері бөлімінің директоры, доктор, «Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесімі және кірме сөздерді игерудегі ұстанымдар» Орынай Жұбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д., «Қазіргі татар тіліндегі антропонимикон: жасалым ерекшеліктері және жұмсалымы» Гульшат Галиуллина, Қазан федералдық университеті Филология және мәдениетаралық қатынастар институтының Татар тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, «Латын графикасындағы кірме сөздердің орфографиясы (қарақалпақ тілінің тәжірибесінен)» Алима Пирниязова, Әжнияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, ф.ғ.д. баяндама жасап, өзара пікір алмасады.
Байланыс телефондары: +7 707 533 38 73