«Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

03.11.2021

1Байқаудың мақсаты

1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға атсалысу, ұтымды термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау, қолдау.

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2021 жылдың 4-тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылады.

3. Байқауға қатысу тәртібі

3.1. Байқауға жасы 18-ден асқан туризм саласының мамандары, терминтанушы мамандар, жоғары оқу орнының студенттері, ізденушілер мен тіл жанашырлары қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысу үшін үміткер өтінімді (қол қойылған, сканерлеген) termincom2021@mail.ru электрондық поштасына «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті, «Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауына» деген белгімен мынадай құжаттармен бірге жолдауы тиіс:

3.2.1. Өтінім (осы Ереженің қосымшасына сәйкес үлгіде).

3.2.2. Өтінімді жібергеннен кейін байқауға қатысушы «Теrmincоm.kz» сайтындағы Электрондық алаңға тіркеледі.

3.3. Байқау 3 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – «Терминдер сөйлейді». Байқауға қатысушылар туризм саласындағы шеттілдік терминдердің тізбесін өтініммен бірге қазақша баламаларымен қоса ұсынады. Терминдердің анықтамасы, түпнұсқа тілдегі формасы, мағынасы ашылып, алынған дереккөз көрсетілгені дұрыс. «Теrmincом.kz» сайтында бекітілген терминдер есепке алынбайды. Тізбе саны 20 терминнен аспау керек.

Екінші кезең – «Туған өлкем – қандай көркем!». Байқауға қатысушылар Алаңға тіркелісімен жабық ұяшықтардың біреуін таңдап, сол ұяшықта көрсетілген еліміздегі кеңінен танымал туристік нысан туралы 3 минуттық ақпараттық-танымдық хабарлама (слайд немесе бейне материал түрінде) жасайды. Ақпараттық-танымдық хабарламада кемі 5 шеттілдік терминнің қазақша баламалары қолданылуы тиіс.

Үшінші кезең – «Терминтүзер». Туризм саласы бойынша қолданыста жүрген сәтсіз терминдердің тізбесін беру және сәтсіз екенін дәлелдеп, ұтымды баламасын ұсыну. Тізбе санына шектеу қойылмайды.

3.3.1. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша терминдер тізбесін алдымен жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жіберіп, кейін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген күннен кешіктірмей Алаңда жариялауы қажет.

3.3.2. Өтінім жібергеннен кейін ұяшықтарды таңдау арқылы екінші кезеңнің тапсырмасы алынады. Алынған тапсырма бір аптаның ішінде орындалып, алдымен жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі, кейін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген күннен кешіктірмей Алаңда жариялануы тиіс.

3.3.3. Байқаудың үшінші кезеңі бойынша тапсырмалар жоғарыда көрсетілген электронды поштаға екінші кезеңнің тапсырмасы жіберілгеннен кейін үш күн ішінде алдымен жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жолданып, кейін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген күннен кешіктірмей Алаңда жариялануы қажет.

ЕСКЕРТУ: Байқауға талапқа сай ұсынылған жұмыстар көпшіліктің дауыс беруі және қазылар алқасының шешімімен бағаланады.

3.4. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

4. Қорытынды ережелер

4.1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет, туризм салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен (бес адам) тұратын қазылар алқасы құрылады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша және Алаң қолданушыларының дауысын қоса есептеу арқылы анықталады.

4.2. Байқау 2021 жылғы 25 қарашада өтеді. Байқауға қатысу туралы өтінім 2021 жылдың 11 қарашасына дейін қабылданады (қосымшаға сәйкес). Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

4.3. Ұсынылған бейнематериалдар «Termincom.kz» cайтындағы «Қазақ терминологиясы мазмұны мен құрылымы» электронды алаңына орналастырылады.

4.4. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

4.5. Байқау материалдарының электрондық поштасы: termincom2021@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(7172)740985, 273042, 8(775)5410989.


«Туризмді қазақша сөйлетейік»

республикалық байқауын өткізу

ережесіне қосымша

 

 

«Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық

байқауына қатысуға арналған өтінім Құжат үлгісі

  • Т.А.Ә. _______________________________________________________
  • Жасы ________________________________________________________
  • Білімі____________________________________________________
  • Қызметі__________________________________________________
  • Мекенжайы______________________________________________
  • Байланыс телефондары_________________________________________
  • Қосымша ақпарат __________________________________________

Қолы

Күні

Комментарии (0)
Оставить комментарий