"Қазақ тілі" әмбебап оқулығының тұсаукесері өтеді

16.02.2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 21 ақпанда онлайн режімде (ZOOM платформасында) Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де «Қазақ тілі» (А1-А2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесерін өткізеді.

Шараның мақсаты – отандық және шетелдік қазақ тілін үйрету, мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету. Аталған мақсат аясында Қазақстанда және Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген азаматтарымызға қолдау көрсету міндеттері қойылып отыр.

Оқулықтардың тұсаукесері барысында авторлар оқулық таныстырылымын жасайды, сондай-ақ тәуелсіз (отандық және шетелдік) сарапшылар өз пікірлерін білдіріп, бұл еңбектермен қайдан және қалай танысуға болатыны туралы толық ақпарат беріледі.

Комментарии (0)
Оставить комментарий