АТСАЛЫСАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

18.04.2022
Баршаға аян, ұлт көсемі, қазақ ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізілді.

Ұлы реформатор ұлттық әліпбиімізді әзірлеп, оқулықтар жазды, тіл ғылымына түрен салды. Тілдің ұлтты сақтаудағы орасан зор маңызын жұртымыздың санасына сіңіре отырып, қазақ тілін ғылымға бейімдеді. Осы тарихи ұшан-теңіз еңбегінің арқасында ол қазақ тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы атанды.

Оның: «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек», – деген сөздері әлі күнге өткір тұр.

Осы айтулы мерекеге орай, Тіл саясаты Комитетінің бастамасымен Ахаңның бұл күнде ел ішіне нақылға айналған ұлағатты сөздерін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында дауыстап оқу челленджі жүріп жатыр.

Белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы бастаған елімізге танымал тұлғалар үн қосып, небір ой маржаны ауыздан ауызға тарап жатыр.

Бұл бұқаралық шараға Сіз де өз үніңізді қоса аласыз!

Ол үшін Ахмет Байтұрсынұлының көңіліңіз қалаған сөзін оқып, бейнематериалды өзіңіздің парақшаңызға жариялайсыз; содан кейін біз ұсынған логотипті келесі бетке енгізу қажет; жарияланған материалда міндетті түрде #АхметБайтұрсынұлы150жыл хэштегі болуы керек.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий