БІЛІМ ЖАРЫСЫ

26.04.2022

Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарысатындар бай адамдар иа обшестуалар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің қазақта да бар. Қазақта бай адамдар иа қуаныш нәрсеге той істеп, ат шаптырады, иа өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адамдығына қарай ас пен тойдың үлкен де, кішісі де болады. Зорлығы бәйгеге тіккен малынан гөрі, шақырған елдердің санынан, сойылған малынан байқалады... Білімді жұрттардың білім жарысына келсек, оның мағынасы да, көздеген мақсаты да басқа. Ол бірнеше ұлыс ел жиылып, бір-екі күн дуылдап, ет жеп, қымыз ішіп кету үшін ғана жасалмайды, бүтін ұлт иа дүниадағы бүтін жұрт үшін һәм көпке қаларлық іс үшін істеледі.

Дүниада күн көріп, тіршілік етудің ауырын жеңілту үшін, жеңілін рақатқа айналдыру үшін істеледі. Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнерартылғансайындүниадабейнеткемімекші.Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді. Сол істердің бірі – білім жарысы. Білім жарысы дегеніміз: бай адам пәлен мың ақшаны бәйгеге тігеді де, мәлім етеді – осы ақшаны пәлендей іс істеген кісі алады деп. Мысалы: пәлен ауруға ем тапқан иа пәлен ғылымнан, иаки өнерден жаңа жол тапқан, иа пәлен турасында жазып, кітап шығарған адамдарға беріледі дейді. Ал бәйге тігілді. Енді ат жарысы болса, әркім атын жаратып, бәйгеге қосар еді, білім бәйгесіболғансоң,білімділербәйгегеқосылады.Бәйгеден дәмесі бар білім жүйріктері бірінен-бірі озуға жүйріктігін айап қалмайды. Тап дегенді табуға ойланады, істе дегенді істеуге қарманады. Ақырында әркім істегенін, тапқанын сынға жібереді.

Сыншылары ғылым ордасында тұрған білімді ғалым адамдар болады. Бұлар қарап, сынап бәйге кеседі. Еуропада, мысалы, Нобелепский білім жарысы бар. Бұл жарыста бәйгені ғылым ауданында иа әдебиет ауданында еңбек етіп, озған адам иасоғысқақарсыһәмқалықарасынжақындастыруғапікір жайған адамдар алмақшы.

Осылардың һәм басқалардың жылда озғанда алатын бәйгелері шіуедтің Нобелл деген бір инженерінің білім бәйгесіне деп шығарған 18 мілійон ақшасы.Осындай жұртқа пайдалы, үлгі аларлық жақсы істі жұрттың құлағынасалып,біздіңайтайындепотырғанымызмынау: білім жарысын істеу әр жұрттың қолынан келетін іс. Істейін десе, қазақтың да қолынан келеді. Европадай зор істеуге болмаса, бойымызға шағындап, «сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» дегендей етіп істеуге болады.

Еуропада ғылым, өнер толық, қазақта олардың жұрнағы да жоқ. Олар асқанның үстіне асу үшін істеп отыр, біздер жұрнағы болу үшін істеу керек. Мың жылқысы бар байлар оның үстіне мал аз дегенде, бір аты жоқ жарлы мал аз демей, қарап отыруы дұрыс па? Ғылым, өнер турасында біздің жайымыз да сол жарлының қалі сықылды. Ғылымның жаңа жолын табуға іздемек түгіл, тапқан ғылымға қолымызды жеткізерлік бізде еш нәрсе жоқ.

Жұртқағылымүйретумен,көрумен,білуменжайылады. Білімнің бас құралы – кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі, оқу үйренетін орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм қалық арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі – білім жарысы.

Білім жарысының басқадан артық бір жері мынау: бұған шығарғанақшадалағакетпей,көздегенмақсатқатуратиеді. Егін салсаң, шықпай қалып, босқа шығындау ықтимал, білімбәйгесіненпайдаболмаса,шығынболмайды.Пайдасы боларлық істі істемей, бәйгеге ешкім қол созбайды. Солайболғансоң,бұғаншығарғанақшабосқакетугетіпті орын жоқ. Еуропа байлары мұндай іске ақшасын басы бүтін қиып, жомарттық етеді. Ақшасын пайда қылып, сонымен малын көбейтуге шығармайды, әуелден-ақ жұрт үшін, көп үшін қайтпас қайыр құрбаным деп шығарады.

...Бәйге тігушіге де, бәйге алушыға да тынышты, жұрттың білім турасындағы істерін алға сүйреуге қолайлы һәм нағыз керек жолдың бірі, біздің ойымызша, осы. Бұған басқалар һәм байлар, не айтасыздар?

 

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

1913 ж

Комментарии (0)
Оставить комментарий