КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

12.05.2022

Орталықтың ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Айтова білім кеңістігін цифрландырудың қажеттілігі туралы мәселеге айрықша тоқталып, «Бұл арқылы білім беру бағдарламаларының меңгеру мерзімін азайтуға қол жеткізуге болады; сондай-ақ, білім мен дағдыларды толық игеруді қамтамасыз етуге жол ашылады; ең бастысы, педагог күнделікті басы артық операциялардан босайды; әрі білім беру нәтижелерін үздіксіз диагностикалауға мүмкіндік туады»,– деп атап көрсетті.

Жалпы тілдік корпус жасаудағы негізгі мақсат – табиғи тіл ресурстарын жинақтап, тілді нормаландыру, жүйелендіру, нәтижесін көпшілікке, тұтынушыға ұтымды пайдалануға ұсыну. Келесі сөз алған Орталықтың Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы осы бағытта қолға алынған жобалармен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, кіші корпусқа кірген кез келген сөз талданып, жеке кодқа ие болады. Қазірдің өзінде іздеген сөзіңізді бір секундқа жетер-жетпес уақыттың ішінде көзді ашып-жұмғанша тауып бере алады. Ал сөздердің құрамы неғұрлым көбейген сайын, қазіргі қолданыста жүрген Алиса, Сирилердің қазақша «еркін сөйлейтін» күні соғұрлым жақындай түседі. Яғни қазақ сөздері нейрожүйеге енеді.

Орталықтың «Тіл әлемі» сайтына кірсеңіз, Орталықтың жобаларымен танысасыздар. Жаңалықтарға қанығып қана қоймай, тіркелу арқылы терминдердің қалыптасу үрдісіне тікелей қатыса аласыз.

Ана тілімізді дамытуда жаңа технологиялар көмегіне жүгіну – уақыт талабы. Басқосу барысында көтерілген мәселе осы жолда бірігіп атқарар біраз шаруаның көкжиегін айқындап берді.

Комментарии (0)
Оставить комментарий