ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТЕТІН «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

27.05.2022
Акцияның мақсаты «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясын (одан әрі – Акция) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.

 

Этнос өкілдері арасында өтетін

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының

ЕРЕЖЕСІ

 

 

1. Акцияның мақсаты

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясын (одан әрі – Акция) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.

 

2. Акцияға қатысу тәртібі

1. Акцияға еліміздің 17 өңіріндегі Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері қатыса алады.

2. Акцияға қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2,5 минуттан аспауы тиіс), бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен кеңінен таратуы тиіс.

3. Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.

4. Жарияланымның астында міндетті түрде көрсетілуі тиіс ақпарат:

  • қатысушының аты-жөні;
  • ұлты;
  • оқу немесе жұмыс орны;
  • байланыс нөмірі (ұялы телефон);
  • ұсынып отырған қала немесе облыс атауы.

 

3. Қатысушыға қойылатын ерекше талаптар

1. Қатысушы өлең жолдарын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Қатысушының Акция аясындағы материалы көркемсөз оқу талаптарына сай келмеген жағдайда, қазылар алқасының шешімімен «лүпіл» саны ескерілмейді;

2. «Лүпілді» арнайы қосымшалар арқылы (бот, т.б.) қолдан көбейткен қатысушылардың лүпіл саны есепке алынбайды.

 

 

4. Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау

1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді.

2. Акция осы Ереже жарияланған уақыттан бастап 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

3. Акция жеңімпаздары «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы аясында арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8(7172)740523, 441981, 8(705)1504994, 8(775)8814042.

Комментарии (0)
Оставить комментарий