ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС БАС ҚОСТЫ

30.05.2022
2022 жылғы 27 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Отырыс барысында Орталық биылғы жылы алғаш ұйымдастырғалы отырған «Тіл-Қазына оқулары» жоспары бекітіліп, шығармашылық басқармалардың ғылыми жұмыстары ұйымдастырылуының жәй-күйі қаралды. Айта кетейік, «Тіл-Қазына оқулары» мазмұнында мәтінге әдебиеттанушылық, тілтанушылық талдау жасаудың қазіргі бағыттардағы тәжірибесі көпшілікке ұсынылмақ. Шығармашылық басқармаларының ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында түрлі идеялар ортаға салынып, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, ірі компаниялармен байланыстар орнату мәселесіне назар аударылды.

Отырысты Орталықтың Бас директоры, Ғылыми кеңестің төрағасы Ербол Тілешов кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Жыл басынан бері тілді оқытуға және насихаттауға қатысты халықаралық, республикалық деңгейде бірқатар шаралар өтті. Соның ішінде шоқтығы биігі – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында және Ғылым күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы: қазіргі жай-күйі, болашағы» тақырыбындағы ойталқы. Бұл іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті ғылымының дамуының қазіргі күйін түрлі көзқарас тұрғысынан сарапталып, сыни тұрғыдан бағаланып, болашақ дамуының негізгі бағдарын айқындалды. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясындағы Орталықтың ісшаралар жоспарына сай жыл бойы түрлі маңызды шаралар өткізілгелі отыр.

ІТ жобаларды Министрліктер деңгейінде таныстыру жүріп жатыр.

Қазақ тілін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған түрлі ғылыми-тәжірибелік семинар-кеңестер өткізілуде.

Орталық басқарма басшылары мен маман ғалымдардан құрылған кеңес мүшелері алдағы уақытта жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына терең талдау жасап, тиісті шешімдер қабылдады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий