«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ОҚУЛАРЫ ӨТЕДІ
31.05.2022
В избранное
2022 жылғы 31 мамыр-2 маусым аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында онлайн режимде «Тіл-Қазына» оқуларын» ұйымдастырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты көпшілікке білім, тіл, әдебиет, мәдениет, бойынша қазақша ақпарат беру арқылы ұлттың рухани сұранысына жауап беру болып табылады. – Түрлі тақырыптарды қамтитын бұл оқулар арқылы, бірінші кезекте, қызығушылығы бар тыңдармандардың филологиялық білімін жетілдіру жүзеге асырылады, – дейді олар. – Білікті ғалым Ербол Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және әдебиеттану әдіснамасы» туралы тереңнен қозғаса, орталықтың ғалым хатшысы Нұрлыхан Нұроллақызы «Мәтінге синергетикалық, лингвокогнитивтік талдау үлгілері» деген тақырыпта 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырып, әдемі ой тербемекші.
Келесі баяндамашы Орталықтың жетекші ғылыми қызметкері,ф.ғ.к. Сая Итеғұлова дәрісінің «Мәтінге жалпы филологиялық талдау қалай жасалады?» деген тақырыбының өзі оқырманын қызықтырып, қолынан жетелеп ала жөнелетіндей.
Комментарии (0)
Оставить комментарий