«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына материалдар қабылданады

28.07.2022

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары

Жалпы ережелер

  • Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының
    (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуге бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
  • Конкурсты өткізудің мақсаты:

- мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;

- мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

- тіл мәселелерін жариялап жүрген журналистердің мақалалары, бағдарламалары арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту

- қазақ тіліндегі контентті ұлғайту және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту.

  • Конкурс үш номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік теле- және радиобағдарлама»;

3) «Үздік сайт мақаласы».

  • Конкурсқа кәсіби журналистер (штаттағы және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары қатыса алады. Қатысушылардан еліміздегі және шетелдердегі ақпараттық кеңістіктегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының тілтану, әдебиеттану салаларын дамыту жөніндегі ғылыми, шығармашылық мұрасының қазіргі қазақ тілтану, әдебиеттану салаларымен сабақтастығы жөніндегі мемлекеттік тілде және орыс, ағылшын тілдерінде материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар, ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарына негізделуі қажет. Конкурс материалдарында қазақша сөйлеуді ұлттық брендке айналдырудың тиімді жолдары көрсетілгені жөн.
  • Конкурс материалдарын бағалау критерийлері:

- тақырыпқа сәйкестік;

- қамтылған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;

- мәселені талдау тереңдігі;

- материалды жеткізу шеберлігі.

Конкурсқа қатысушы үміткерлердің конкурсқа ұсынған материалдары олардың кәсіби біліктерін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа мүмкіндіктерін, мемлекеттік тілді дамытудың заманауи моделін тұтас қоғамға және әрбір жеке оқырманға аша алуы қажет. Конкурсқа ұсынылатын материалдардың авторларының заманауи кәсібиленуі, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де (сапамен де, санмен де жұмыс жасау қабілеті) қаперге алынады.

Коммуникативтік ресурстарды орынды қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика құралдарымен кіріктіре отырып, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, сол арқылы мемлекеттік тілдің қызметі, даму жолдары мен мемлекеттік тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және нәтижелі түрде баяндау – басты талап.

Конкурсқа қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі маңызды. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып, негізгі шешімдер ұсыну шеберліктеріне мән беріледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту бойынша ғылыми, әдістемелік, зерделеу, ізденістік мақалалар назарға алынады.

  • Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.
  • Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    Тіл саясаты комитеті – Конкурстың ұйымдастырушысы.
  • Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2022 жылдың екінші тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
  • Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген үш номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің baq@tilqazyna.kzэлектрондық поштасына, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен 2022 жылғы 15 тамызға дейін (2022 жылғы 14 тамыздағы 23 сағат 59 минутты қоса есептегенде) мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:

1) өтінім (осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) 2022 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 14 тамыз аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) жарияланған мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары, скриншоттары (газет-журналдар, сайттар), бағдарламалардың жазбасы;

  • Конкурс Қағидасының 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
  • Конкурсқа ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
  • Қорытынды ережелер
  • Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың үш номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек айында салтанатты түрде өткізіледі.
  • Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
  • Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71-33, 74-14-97.

_________________________

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық

конкурсына қатысу үшін өтінім

  • Т.А.Ә. _______________________________________________________
  • Жасы ________________________________________________________
  • Білімі____________________________________________________
  • Қызметі__________________________________________________
  • Мекенжайы______________________________________________
  • Байланыс телефондары_________________________________________
  • Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:

1) _____________________________________________________________

2) ______________________________________________________________

 

  • Қосымша ақпарат __________________________________________

Қолы

Күні

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий