«ҰЛТТЫҚ СИПАТТАҒЫ БИЗНЕС ТЕРМИНДЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

09.09.2022

«Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері»

республикалық байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. 1. Байқаудың мақсаты

1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға атсалысу, ұтымды термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау, қолдау.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2022 жылдың 3-тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

2.3 Байқау 2022 жылғы 10 қазан 4 қараша аралығында өтеді.

2.4. Байқауға қатысу туралы өтінім 2022 жылы 10 қазанға дейін қабылданады. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

 

  1. Байқауға қатысу тәртібі

3.1. Байқауға жасы 18-ден асқан бизнес саласының мамандары, терминтанушылар, жоғары оқу орнының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, студенттері және тіл жанашырлары қатыса алады.

Ескерту: бұған дейінгі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыса алмайды.

3.2. Байқауға қатысу үшін үміткер өтінімді (осы Ереженің қосымшасына сәйкес үлгіде және қол қойылған, сканерлеген нұсқасын) termincom2021@mail.ru электрондық поштасына 10 қазанға дейін  жолдайды.

3.2.1. Өтінімді жібергеннен кейін байқауға қатысушы «Теrmincоm.kz» сайтындағы Электрондық алаңға (бұдан әрі – Алаң) тіркеледі.

3.3. Байқау 4 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – «Термин талқы» – іріктеу кезеңі. Байқауға қатысушылар «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тіркеліп, «Қызу талқыдағылар», «Ұсыныстар», «Сауалнамалар» бөлімінде жарияланған барлық терминдерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын жазуы керек. Бұл – конкурсқа қатысудың басты талаптарының бірі, іріктеу кезеңі. Осы кезеңнен өткен үміткерлер ғана байқаудың келесі кезеңіне жіберіледі.

Екінші кезең«Терминдер сөйлейді». Байқауға қатысушылар үшін бизнес саласындағы шеттілдік 30 термин ұсынылады. Үміткер осы тізбедегі терминдерді таңдап, қазақша баламаларын береді. Терминдердің анықтамасы, түпнұсқа тілдегі формасы, мағынасы ашылып, үлгіге сәйкес сараптама жасалынады, алынған дереккөздері көрсетіледі.

Үшінші кезең«Сөз тапқанға қолқа жоқ». Қатысушылар өлкенің берекесін келтіріп, ырысын арттыру, кәсіптің көзін ашу, әлемдік және қазақы бренд қалыптастыру, заманауи бизнес жетістіктеріне қатысты тақырыптар аясында эссе жазады. Эсседе бизнес жайындағы батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, заманауи кәсіпті дамытуға қозғау саларлық ойлар көрініс табуы керек. Эссе жазу барысында оның құрылымы, логикалық реттілігі, ақпараттың дәйектілігі мен сауаттылығы, баяндау стиліне қойылатын талаптар сақталуы керек. Сонымен қатар мәтінде 5-10 шеттілдік терминнің қазақша баламалары пайдаланылуы тиіс.

Эссе жазу ұйымдастырушылар белгілеген күні ZOOM платформасында онлайн түрде өткізіледі.

Эссе жазуға 30 минут уақыт беріледі.

Эссе көлемі – 1 бет (А4 форматында, шрифт – Tіmes New Roman 14 кегль, интервалы – 1, жол жиегі барлық жағы – 2,0 см, азат жол – 1,25 см).

Ескерту: Эсседегі балама терминдерді қызыл түспен бояп көрсету керек және сақталған мәтін termincom2021@mail.ru электрондық поштасына 5 минуттан кешіктірмей жолдануы тиіс.

Төртінші кезең – «Терминтүзер». Бизнес саласында қате қолданылып жүрген терминдердің тізбесін беру және дұрыс баламасымен дәлелдеу. Тізбе санына шектеу қойылмайды («Теrmincом.kz» сайтындағы бекітілген терминдер есепке алынбайды).

3.3.1. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша termincom2021@mail.ru электрондық поштасына үлгіге сәйкес толтырылған өтінімді жібергеннен кейін байқауға қатысушы «Теrmincом.kz» сайтындағы Электрондық алаңға тіркеліп, талқылауға қатысады, бекітілетін терминдерге қатысты өз пікірлерін Алаңда білдіреді.

3.3.2. Байқаудың екінші кезеңі бойынша терминдер тізбесін алдымен жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жіберіп, кейін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген күннен кешіктірмей Алаңда жариялау қажет.

3.3.3. Байқаудың үшінші кезеңі онлайн түрінде өткізіледі. Эссенің нақты тақырыбы байқау өткізілетін күні автоматты түрде таңдау арқылы ұсынылады.

3.3.4. Байқаудың төртінші кезеңі бойынша тапсырмалар жоғарыда көрсетілген электронды поштаға үшінші кезеңнің тапсырмасы жіберілгеннен кейін үш күн ішінде жолданады. Кейін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген күннен кешіктірмей Алаңда жарияланады.

  1. Байқау материалдарын бағалау және қорытындылау тәртібі

4.1 Байқауға ұсынылған жұмыстардың мазмұны мен сапасына қойылатын критерийлер:

- терминнің терминжасам әдістеріне сәйкестігі;

- терминнің лингвистикалық нормаларға (лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық) сәйкестігі;

- терминнің қазақ халқының дүниетанымдық, мәдени болмысын танытуға уәжді қызмет ету деңгейі;

- салалық терминнің дефинициясының ашылуы;

- терминнің сөз тіркестерінен емес, мүмкіндігінше жеке сөздерден жасалуы;

- тиісті саладағы қолданыс деңгейінің жоғары болу ықтималдығы;

- эссе жазуға қойылатын талаптардың орындалуы.

4.1.1. Ұсынылған материалдар «Termincom.kz» cайтындағы «Қазақ терминологиясы мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына орналастырылады.

4.1.2. Байқауға қабылданған құжаттар кері қайтарылмайды.

4.2 Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет, бизнес салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен (бес адам) тұратын қазылар алқасы құрылады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша және Алаң қолданушыларының  дауысын қоса есептеу арқылы анықталады.

4.3 Байқаудың жүлде қоры

Бас жүлде – 250 000 (жүз елу мың) теңге.

I орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

II орын – 100  000 (жүз мың) теңге.

III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 (жетпіс мың) теңге.

Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 (жиырма бес мың) теңге.

4.3.1. Байқаудың марапаттау рәсімі салтанатты түрде Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Жеңімпаздардың жол, тәуліктік шығыны ұйымдастырушылар тарапынан төленеді, қонақүйге орналастырылады.

 

Байланыс телефондары: +7(7172)741497, +7(7172)273042, +7(777)1931772

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері»

республикалық байқауын өткізу

Ережесіне қосымша

 

 

 

«Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» республикалық

байқауына қатысуға өтінім

 

 

1

Т.А.Ә.

 

2

Жасы

 

3

Білімі

 

4

Қызметі

 

5

Мекенжайы

 

6

Байланыс телефондары

 

7

Қосымша ақпарат

 

 

 

 

Қолы

 

Күні

 

 

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий