ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

12.09.2022

2022 жылғы 11 қыркүйек күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторниг агенттігінде «бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі» (М.Әуезов) ұлт ұстазының мұрасын насихаттау мақсатында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – рухани көсем» атты мәдени шараға қатысты.

 

Агенттік қызметкерлері ұлт ұстазының өлеңдерін, аудармаларын жатқа оқыса, Орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Ахмет Байтұрсынұлының қоғам қайраткері ретінде атқарған орасан еңбегі мен ғалымның қазақ ғылымын дамытуға қосқан орасан зор үлесі жайлы, сондай-ақ ақындық әлемі туралы танымдық баяндама жасады.

Бұл туралы Kairzhankyzy Assel өзінің әлеуметті желідегі парақшасында былай деп жазды: «Бір басына сан түрлі санаткерлік тоғысқан ұлы адамның кемеңгерлік болмысы мен қайраткерлік қасиетін танып-білу – ұзақ жылдарға созылатын, келелі ізденістер нәтижесінде ғана қол жеткізуге болатын ауқымды іс. Мәдени шараны өткізуге қатысқан Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына, сонымен қатар, Лиза Есбосынова, Гүлназ Төкеноваға алғыс айтамыз».

Ұлы тұлға, қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеттану ғылымының іргетасын қалаған ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, қазақ әліпбиінің реформаторы, түрколог Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау – бүгінгі біздің парызымыз.

Комментарии (0)
Оставить комментарий