ҰЛЫЛЫҒЫ ДА, ҰЛАҒАТЫ ДА ЖАРАСҚАН ТҰЛҒА

03.10.2022

2022 жылғы 1 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Қостанай облысы Жангелдин ауданында өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.

Мемлекет басшысының құттықтауында: «Ахмет Байтұрсынұлы – тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлға. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытты. Шын мәнінде, Ахаңның өмір жолы – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі. Арыстарымыздың есімін ардақтап, ұлағатты ісін жалғастыру – халқымыздың қастерлі парызы», – делінген.

Мұны дүбірлі тойға арнайы келген Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Бұдан кейін өз жүрекжарды пікірін білдірді. Торғай өңірі – Ұлтымыз үшін бұл өлкенің орны бөлек, Ахмет пен Міржақыптай талай арыстарымыз шыққан қастерлі мекен. Торғай халқы қазақы қалпын бұзбаған, кешегі тар заманның өзінде ұлттық болмысынан айнымаған. Торғай – алаш рухын тербеткен елдіктің еңселі ордасы.

 

 «Республикалық деңгейдегі бас қосудың ауқымына көз жеткізу үшін атқарылған шараларды айтса да жеткілікті деп ойлаймын. Ұлылығы да, ұлағаты да жарасқан ұлт ұстазының музей-үйі салтанатты түрде ашылды. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының еңселі ескерткіші бой көтерді. Ұлы тұлғаның кесенесіне барып тәу етіп, топырақ салдық. Алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледім»,– дейді Гүлназ  Төкенқызы.

Комментарии (0)
Оставить комментарий