Көп оқылғандар
-
ТІЛ ҚАЙРАТКЕРІН АРДАҚТАДЫ2022 жылғы 19 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрcынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде елімізге танымал тұлғалар мен білім беру ошағының ұжымы Қайрат Мамаділдің өмірі мен шығармашылығына және аудиториясының ашылу салтанатына арналған «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Қайрат Асылбекұлы Мамаділ 1962 жылдың 18 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылының тумасы. Жалынды жігіт 1983 жылы Қарулы Күштер қатарында азаматтық борышын өтеп оралған соң, екі жыл Алматы үй құрылысы комбинатында құрылысшы болып жұмыс істеді. Талапты да талантты жас 1985-1990 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетінде белгілі әдебиет сыншысы, академик Серік Қирабаев, профессор, жазушы-ғалым Нығмет Ғабдуллин және Асхат Әбілқаев, Фатима Мұсабекова, Ғабдолла Қалиев, Немат Келімбетов, Серік Мақпырұлы, Мереке Жаманов, Секерхан Хасанова, Тұрсын Сыдықов т.б. жоғары білікті ғалым-ұстаздардан дәріс алып, үздік бітіріп шығады.
-
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлерін тіл майданының жауынгерлері десе болады. Күнделікті атқарып жатқан қызметі өз алдына, басшыдан бастап қатардағы мамандарға дейін қайраткерлік танытып, ана тіліміздің айбынын, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында ел көлеміндегі әртүрлі шараларға ат ізін суытпай қатысып жүреді. Соның ішіндегі ең сүбелісі – тілші ағайындармен әрқашан қоян-қолтық араласып, БАҚ пен интернет-ресурстарда тіл төңірегіндегі әртүрлі мәселе бойынша кәсіби маман ретінде пікір білдіру. Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Жазира Мақсұтқызы қатысқан Қазақ радиосындағы «Өзге тілдің бәрін біл...» деген тақырыптағы хабар – сондай келелі кеңес, сындарлы сұқбат құрған кездесудің бірі. Жүргізуші-редактор Ертас Жақыпбаймен арадағы диалогқа сәл құлақ түрсек:
-
ІТ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫБүгінгі күні тіл үйрену және оқыту үрдісінде заманауи IT-технологияларды қолдану олардың сапасын арттыруға және тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Міне бес жылдың жүзі болды, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы бағытта қарқынды жұмыс жасап келеді. Бұл жолы Орталықтың Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұжымына ІТ жобалар туралы дәріс оқыды. «Инновацияның өмірдің қатал шындығына, қоғам сұранысына қарай аса қажеттілікке айналғаны ақиқат. Соның ішінде мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу – ең өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта біз бірқатар ІТ жоба дайындап, іске қостық. Нәтижелі жұмыс жүріп жатыр.
-
АХАҢНЫҢ ЕЛУ ЖЫЛДЫҚ ЮБИЛЕЙІҚазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тəуір күндерінің бірі деп саналады. Сол оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған Ахаңа арналған тұңғыш той – ой ойлаған қазақ баласының жүрегіне жылы тиетін қуанышты істің бірі. Əркімнің қалғыған сезімін оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі ірісі.
-
ТҮРКІ ЖАЗУЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІЕжелден-ақ жазу өнерінің, түркілердің жазу мәдениетінің болғанына жүріп өткен жолымыз, бағзыдағы тарихымыз куә. Жеке жазудың болуы – саф ауа, сайын далада еркін тыныстаған байырғы ата-бабаларымыздың әлемдік өркениеттен ойып алар орнының бір дәлелі. Түркі халықтарының төл жазуының болғаны – біз үшін, келер ұрпақ үшін үлкен мерей. Тасқа қашалып жазылған сына жазуының өткенімізді танып, өшкенімізді жандыруға қосар үлесі зор. Сол жазулардың ішінде өзгесіне қарағанда көбірек танымал болған және Моңғолиядағы Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар бүгінгі күні Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері атауымен белгілі. Түркі жазуы немесе көне ескерткіштер дегенде ойымызға алдымен оралатыны да осы ескерткіштер екені белгілі.
-
«-ОВ» ТУРАЛЫГазет-журналдарымызда көбінесе «ұғлы, баласы, қызы» дегеннің орнына «-ов, -ова» жазылады. Бұл қазақ тілінде болмаған себепті құлаққа тіпті, ерсі естіледі, «-ов, -ев, -ин, -валар» жалғыз-ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа Еуропа халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы мұсылмандарда да жоқ. Бұларды орыстан көріп еліктеуіміз орынсыз, басқа жұрттың сөздерінің құйрығын əкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті бар? «овтарды» орысша жазғанда қолдансақ та, қазақша «ұғлы, баласы, қызы» деп жазуымыз келіспей ме? Мұнан бұлай жұртқа өнеге беретін газета-журналдарымыз мұны ескерсе, қандай жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді. Студент Ыдырыс Оразалыұғлы. Басқарма.
-
РЕФОРМА МЕН РЕВОЛЮЦИЯНЫ ШАТАСТЫРМАЙЫҚ!Соңғы бес жыл бойы қазақ тілін дамытудың бірден бір тетігі - оның жазу реформасын жүзеге асыру деген біржақты тұжырыммен келе жатырмыз. Кейбір лингвистердің пікіріне қарағанда жазу реформасын жасап, әліпби ауыстырсақ, тіл мәселесі өзінен өзі шешіліп сала береді екен...Тіл үшін әруақытта да басты фактор тілдік орта болып келеді және солай бола бермек. Сондықтан тілге қатысты кім пікір айтса да, ең әуелі тілдік ортаның үдесіне алаңдауы қажет. Оның үстіне мемлекеттік құзырын толық атқара алмай отырған тіл үшін нөмірі бірінші фактор – тағы да тілдік орта!
-
ДӘСТҮРЛІ ДӘРІС ЖАЛҒАСУДАШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Отандастар Қоры» КЕАҚ бірлесе отырып, ана тілін үйренуге құлшыныс білдірген шетелдегі отандастарымыз бен өзге ұлт өкілдеріне түрлі қолдау білдіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Бұл жолғы жобаның мақсаты шетелде қазақ тілін үйретіп жүрген мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету еді.
-
КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Білім кеңістігін цифрландыру және ұлттық корпус жасаудың қазіргі тәжірибелері» атты көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Онлайн режимде өткен іс-шараға Ақтөбе қаласы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.
-
ТІЛ ТАҒДЫРЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУМЕН ҒАНА ШЕШІЛЕ МЕ? (Тіл жанашырларының назарына)Біздер Қазақстанның солтүстік өңірінде туып-өсіп, тіл трагедиясының небір қасіретін бастан өткерген, әлі де өткеріп келе жатқан буынның өкіліміз. Сол себептен сонау тоқсаныншы жылдардан бері тілге қатысты жасалып жатқан түрлі іс-шаралардың, көтеріліп жатқан мәселелердің, айтылған ой-пікірлердің барлығын шама келгенше қадағалап отырамыз. Бірақ қанша шуласақ та, өткен отыз жылдың ішінде тілімізге қатысты түк те өзгермегені бәрімізге аян. (Ескертемін, менің бұл жазғандарым Қазақстанның солтүстік аймақтарына ғана қатысты).
-
ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы – қазақтар. Төрт қазақстандық Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.
-
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
-
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МӘТІНДЕРІН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУБіз Ахмет Байтұрсынұлын мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, алғашқы ұлттық әліпбидің және тұңғыш «Әліппенің» авторы, ағартушы ретінде кеңінен танимыз. Дегенмен А.Байтұрсынұлының оқулықтарын қарай отырып, ұлт ұстазының сауаттылықты тек қана жаза және оқи білу деп ойламағанын түсінеміз. Ғалым өз еңбектерінде қазақ баласының бастауыш сыныптан бастап-ақ ғылыми сауатын ашып, дүниетанымын кеңейту мақсатында қоршаған орта, жанды табиғат және табиғат құбылыстары туралы әртүрлі мәтіндер құрастырып, оқулығына енгізген.
-
ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы ұйымдастырған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және қазіргі заман» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт өркениеті» деген тақырыпта баяндама жасады.
-
ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ТІЛШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов 4 мамыр күні Түркістан облыстық теледидарының тікелей эфирдегі «ZOOM» деп аталатын кешкілік телебағдарламасына қатысты. Сұқбат тақырыбының атауы – «Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қазақ тілінің қадірі». Осының өзінен-ақ оқырман әңгіме өзегі қай бағытта болғанын аңғарады.
-
МИНИСТР АЛДЫНДА БАЯНДАДЫ2022 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары ректорларымен өткізген аппараттық кеңесінде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған ІТ жобаларды пайдалану туралы» баяндама жасады.
-
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІЕл тәуелсіздігінің, ұлттың ұлттық болмысының ең маңызды көрсеткіші – тіл. Тіл мәртебесін көтеру үшін заңнамалық тұрғыдан мемлекеттік тілдің көсегесін көгертіп, мерейін үстем ететін тетіктер ерте ме, кеш пе шешімін табуға тиісті деген ойдамыз. Қазақ тілінде сөйлемеуіне сылтау іздейтін кейбір азаматтар жүйелі тіл үйрету әдістемесінің, мықты оқу құралдарының, әдістемелік өнімдердің жоқтығын әлі де болса алға тартып жүр. Осы орайда мұндай сылтауды қай елде тұрса, сол елдің мемлекеттік тілінде сөйлеудің азаматтық міндетке жататынын түсінгісі келмейтіндердің, Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеуге ниетті болған соң, қазақ тіліндегі тілдік ортаға бейімделу керектігін білгісі келмейтіндердің сылтауы деп қабылдаған жөн. Олай дейтініміз, дәл қазіргі уақыттағы қоғамның орыстілді өкілдеріне тіл үйрету мәселесі әдістемелік тұрғыдан белгілі бір деңгейде жүйеге келген. Тіл үйрету құралдары да, әдістемелік өнімдері де, заман сұранысына орай сайттар да жұмыс істеп тұр. Оның үстіне жекелеген белсенді тіл жанашырларының тіл үйрету курстарын қосыңыз.