«Орынбор аймақтық қазақ-ұлттық мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының өкілдері «Тіл-Қазына» орталығында тәжірибе алмасты

21.02.2022

Орынбордағы қазақ тілі курсының оқытушысы "Тіл-Қазына" орталығы базасында болып, орталық әзірлеген қазақ тілін оқыту бойынша әдістемеліктермен, оқулықтармен және ІТ өнімдермен танысты.

 

 

Әдістеме басқармасының маманы А.Орманова https://abai.institute порталы жұмысымен және шетелдегі қазақ диаспорасына арналған "Қазақ тілі" А1, А2 оқулығымен таныстырса, Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы М.Бақытқызы https://tilqural.kz/https://sozdikqor.kz/https://emle.kz/https://tilmedia.kz/ сайттарының қазақ тілін оқытуда тиімділігін айтып өтті.

- Біздің "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практиткалық орталығына арнайы келудегі басты мақсатымыз базасымен танысып, мамандармен етене байланыс орнытып, тәжірибе алмасып, шеберлік сағаттарына қатысу болатын. Бұл меже орындалды. Барлық ақпаратты ашып түсіндіріп, жұмыс жасау тактикасын түсіндіргендеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздерге қазақа тілін оқуға, үйренуге ынталы барша Орынбор қазақтары атынан алғыс білдіремін,- дейді Дана Сабитқызы.

Кездесу соңында "Тіл-Қазына" ҰҒПО-ғы басшысы Е.Тілешов орталық әзірлеген бірқатар әдістемелік оқулықтар мен көмекші құралдарды тарту етті.

Айта кетйік, Орынбор қазақтарына елімізде танымдық саяхатты «Отандастар Қоры» КеАҚ ұжымы ұйымдастырған. Шара мақсаты – шетел қазақтарына қазақтың ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрп пен құндылықтарымызды таныту,қазақ тілін оқыту бойынша шеберлік сағаттарын өту.

«Орынбор аймақтық қазақ-ұлттық мәдени автономиясы» – Ресей қазақтарының бірлескен қоғамдық ұйымы. Оның құрамына 11 қазақ ұйымы кіреді. Орынборда бүгінгі күні 120 мыңнан астам қазақ тұрады.

Қазіргі таңда аталмыш ұйым қазақ тілі, домбыра сабағы, қазақ халқының тарихы, қолөнер, ұлттық билер сияқты бес бағыт бойынша ересектер мен балаларға арналған тегін курстар ұйымдастырады. Ұйым ұжымының құрамында мұғалімдер, журналистер, студенттер және қоғам белсенділері бар. Бұдан бөлек, жерлестердің жетістіктерінен хабар беретін «Орынбор қазақтары» журналы да шығарылады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру