汉哈大辞典 ҚЫТАЙША - ҚАЗАҚША ҮЛКЕН СӨЗДІК

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Мәсімханұлы мен шетел филологиясы магистрі, доцент А.Әбиденқызы құрастырған «Қытайша-қазақша үлкен сөздік» деп аталатын бұл сөздікке қазіргі қытай тілінің қолданысындағы 70 мыңға жуық сөздері бен сөз тіркестері (тұрақты тіркестері) қамтылған. Сөздік ЖОО мен мектептерде қытай тілі бойынша білім берушілер мен білім алушыларға, қазақ-қытай тілдері бойынша тәржіме жұмысымен айналысатын аудармашыларға, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы саласында қызмет атқаратын дипломатиялық мекемелер мен олардың қызметкерлеріне, қытай тілі, қытайтану ғылымы, жалпытілбілімі саласында ізденіп жүрген ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ қытай тілін өз бетімен үйренгісі келетін жалпы көпшілікке арналған.
Оқу
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру