Орысша-қазақша банк терминдері сөздігі

Сөздікте банк, қаржы-несие, биржа салаларына қатысты 62000-нан астам терминдер мен ұғымдар қамтылған. Атап айтқанда бұл сөздікте қаржы-банк қызметі, ақша айналысы, банк операциялары мен биржа операциялары, ел ішіндегі және халықаралық валюта-несие қатынастары, қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығы, кредит нарығы, қор нарығы, қаржы құралдары, инвестициялық үдерістер, ипотека мен ипотекалық несие, қаржы-банк қызметінің құқықтық қырлары, банк операцияларын компьютерлендіру, т.б. салалар бойынша орысша немесе шет тілдік, әсіресе ағылшын тіліндегі атауларының қазақша баламалары, негізгі терминдердің және аудармасы жоқ терминдердің қысқаша түсіндірмелері келтірілді. Сөздікке «Ислам қаржы-несие, банк терминдері» жеке тарау қосылды, онда әлемдік сөздіктер әлемінде тұңғыш рет 500-ге жуық термин қамтылып, олардың қысқаша түсіндірмесі берілді. Сөздік банк, қаржы-несие, бюджет, биржа, бухгалтерлік есеп салаларының қызметкерлеріне, арнаулы экономикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің, институттар мен университеттердегі экономика салалары бойынша факультеттерінің оқытушылары мен шәкірттеріне, аудармашыларға, көпшілік оқырман қауымға арналған. Сөздікті заңи жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары да анықтамалық құрал ретінде пайдалана алады.
Оқу
Пікірлер (1)
user1800
15.12.2023
Ипотека
Пікір қалдыру