"Қамар сұлу". Сұлтанмахмұт Торайғыров.

“Қамар сұлу” романы – С.Торайғыров шығармашылығының жаңа сапаға өткелі тұрғанын, көркемдік-идеялық ізденістерін анық көрсететін шығарма. Онда қаламгердің қазақ қоғамы алдындағы кеселдерді әшкерелеумен қатар, оны жан-жақты бейнелеуге күш салғаны аңғарылады. Осы үшін ол жаңа формаға, күрделі жанрға барады.
Оқу
Пікірлер (1)
Кайнолдина Райгул
12.11.2026
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы – қазақ әдебиетіндегі терең мағыналы, тәрбиелік мәні зор шығарма. Романда қазақ қыздарының сол замандағы ауыр тағдыры, әйел теңсіздігі мен ескі салт-дәстүрдің зардаптары шынайы суреттелген. Қамардың ақылды, білімді, сұлу әрі өз бақыты үшін күрескен қайсар қыз бейнесі ерекше әсер қалдырды. Оның аянышты тағдыры оқырманды бейжай қалдырмайды. Бұл шығарма адам еркіндігін, махаббатты және әділдікті бағалауға үйретеді. Роман бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтпаған құнды туынды. Оқуға кеңес беремін!
Пікір қалдыру