Айгиз Баймұхаметов. Тастамашы, Ана!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды.
Айгиз Баймұхаметов – жас жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік республикалық жастар сыйлығының лауреаты. Уфа қаласында тұратын жазушы бұл кітабында ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Автор өзі тәрбиеленген балалар үйіндегі ұл-қыздардың қиын тағдырларын қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттейді.
Қазақ тіліне аударылған бұл шығарма Саят Қамшыгердің қаламынан қазақ қоғамының жүрегінен ерекше орын алатын түсінігі жетік, тілі орамды туынды болған. Аударма сапасының жоғары деңгейін айырықша атап өтуге болады, шығарма қазақ тіліндегі төл туындыдан кем түспеген.
Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған. Башқұрт әдебиетінің талантты өкілінің бұл кітабы орыс, татар, чуваш,
қырғыз, әзірбайжан, моңғол тілдеріне аударылып, үлкен сұранысқа ие болып, жұртшылықтың қызығушылығын оятқан.
Шығарма қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр.
Оқу
Таңдаулыларға
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру