Халел Досмұхамедұлы. Адамның тән тірлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының (1883 – 1939) «Адамның тән тірлігі» атты оқулығы ХХ ғасырдың басында араб қарпімен жарық көрген ғылыми-педагогикалық мұралардың бірегейі. Араға ғасыр салып қайтадан орта-
мызға оралған, төлтума анатомия ғылымымыздың бастау-көзінде тұрған, әлі де өзіндік ғылыми және танымдық мән-мағынасын жоймаған бұл алғашқы қазақ оқулығы бүгінгі жоғары мемлекеттік мәртебеге ие тіліміздегі адамның тән тірлігіне қатысты пән сөздердің қалыптасу тарихын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге жаңа терминдердің пайда болуына да негіз болары сөзсіз.
Кітап ана тіліміздің бүгінгі жай-күйі мен болашағына бейжай қарамайтын қалың оқырманға арналады.
Оқу
Таңдаулыларға
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру