МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

16.12.2022

2022 жылғы 15 желтоқсан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосынова ұжымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке.

Францияның атақты ойшылы Дени Дидроның айтуынша, азаттыққа жансыз нәрселер де ұмтылады екен. Аға ұрпақ жақсы біледі, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Африка елдері жаппай азаттыққа ие болды. Бүгінгі күні солардың бәрі бірдей өз алдына дербес мемлекет болып кете алмады.

Яғни, егемендік алу бар да, Тәуелсіз ел болу ол бөлек әңгіме.

Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы ата-бабамыздың арманына соңғы нүкте қойылса, сол сәттен бастап мемлекеттілікті баянды ету, азат ел ретінде өмір сүру басталады. Әрі қарай күн сайын күресуіміз керек.

Біздің маңдайымызға осы бақыт бұйырған.

Comments (0)
Post a comment