Articles
-
«ТАҢШОЛПАНДА» ӘҢГІМЕЛЕП БЕРДІ2023 жылғы 26 маусым күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Тіл НUB инженер-бағдарламашысы Бауыржан Серікбайұлы «Таңшолпан» бағдарламасына қатысып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге жан-жақты өріс ашатын сөйлеуді мәтінге түрлендіру жобасы жөнінде әңгімелеп берді.
-
ЮНУС ЭМРЕ ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосын мен Әдістеме лабтың жетекшісі Ж.Искакова Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениетінің ұйымдастыруымен өткен «Қағазда қалған қалам ізі» атты каллиграф Мәдина Хұсайынның жеке құснихат көрмесіне арнайы шақырумен қатысты.
-
ҚОСТАНАЙДА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН КӨРСЕТТІ2023 жылғы 22 маусым күні ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының бөлім жетекшісі А.Орманова Қостанай облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған «Тілге құрмет – елге құрмет» аймақтық ашық есік шарасына қатысып, шара барысында тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабақ көрсетті.
-
СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ2023 жылғы 9 маусым күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» республикалық онлайн-семинары өз мәресіне жетті.
-
ҚЫЗЫҚТЫ ДӘРІСТІҢ ЖАЛҒАСЫ2023 жылғы 8 маусым күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдестері» республикалық онлайн-семинары өз жұмысын одан әрі жалғастырды.
-
СЕМИНАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ2023 жылғы 7 маусымда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» атты республикалық онлайн-семинардың алғашқы кезеңін бастап кетті. Бас-аяғы үш күнге созылатын бұл онлайн бас қосу өңірлік Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушы-әдіскерлеріне арналған.
-
БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕКСоңғы уақыттағы қазақ тіліне қатысты ең маңызды жаңалық ретінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың мәлімдемесін атар едім. Министр қазақ балабақшасына сұраныстың көбеюіне байланысты қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім департаментінің барлық мемлекеттік балабақшаны қазақ тілінде тәрбие беруге көшіру мәселесін қарастырып жатқанын айтады.
-
ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2023 жылғы 6 маусымда Республикалық терминология комиссиясының отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық статистика бюросы ұсынған жекелеген терминдерді, әлеуметтік және бизнес салаларының терминдерін, орта білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын информатика, физика, астрономия пәндерінің және 2021-2022 жылғы терминшілер конкурсының нәтижесі бойынша ұсынылған терминдерді бекіту туралы мәселе қаралды.
-
ТІЛ ДЕГЕН - ҰЛТ ДЕГЕН СӨЗ: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАРТАҒА ҚАЛАЙ ОРНАЛАСТЫРДЫҰлт ұстазы, Алаш қозғалысы рухани басшыларының бірі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы Қазақстанда түрлі шаралармен аталып өтілуде. Университеттер, ғылым ордалары, институттар мен зиялы қауым бір жағынан Ақаңның жолымен бірсыпыра экспедиция ұйымдастырса, екінші жағынан оның еңбектерін қайта басып шығарып жатыр. Сонымен қатар, елордада, Алматы мен Шымкент қалаларында ұлт ұстазына ескерткіш те қойылды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер де Байтұрсынұлының мерейтойына өз үлестерін қосып үлгерді [1]. Ал, ұлт ұстазы мерейтойының халықаралық салтанатының үстіміздегі осы қазан айында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өтетін болып бекітілуі зор мәнге ие, бұл біз сықылды Еуропадағы қазақ диаспорасы өкілдерін де қуантатын жай.
-
Ахмет Байтұрсынұлының тілтанулық мұрасындағы адамөзекті тұжырымдарҚазіргі тіл біліміндегі жаңа өлшем (парадигма деген мағынада) антропоцентризм болып тұр. Антропоцентризм – екі сыңардан: антропо-адам, центр-орталық біріккен сөз. Бұл – антропоцентристік зерттеулерге адам өзек етіледі деген сөз. Осы функциясына орай бұл терминді тіліміздегі дағдылы біріккен сөз адамзат сөзінің жасалуын үлгі етіп адамөзекті (антропоцентристік), адамөзектік (антропоцентризм) деп аударсақ, антропоцентризмнің мағыналық баламасы болып шығады.
-
Латын әліпбиі «Руский мирден» құтқара ала ма?!Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәуірдің 12-сі өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты ойын ортаға салып: «Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қателіктер жібердік», - деп мәлімдеді.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ2023 жылғы 12 мамырда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Ж.Искакова «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – қоғамның сұранысын қанағаттандыратын өміршең технология» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған республикалық семинарға қатысты.
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ1. Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында әзірленді. 2. Конкурсты өткізудің міндеттері: - мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту; - мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері туралы мақалалар, бағдарламалар арқылы отандастарымыздың санасын жаңғырту; - қазақ тіліндегі контентті ұлғайту және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. 3. Конкурс екі номинациядан тұрады: 1) «Үздік мақала»; 2) «Үздік теле-/радиобағдарлама».
-
Идея сізден, қолдау бізден!Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында әзірленетін баспа өнімдеріне өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды.