МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

19.12.2022

Мемлекеттік терминология комиссиясының ағымдағы жылғы 4-отырысы өтті. Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған өсімдік атаулары, «100 жаңа оқулық» жобасындағы әлеуметтану және бизнес салалары, сондай-ақ мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын цифрлық сауаттылық, информатика пәндерінің терминдері қарастырылды. Бекітуге ұсынылған терминдерге ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, алдын ала талдау үшін termincom.kz сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.

Отырыс барысында гаолян – құмайтары, эстрагон – шыралжын, социальное взаимодействие - әлеуметтік өзара іс-қимыл, перекрестие критических анализов – сыни талдаулар тоғысы, деструктивный фидбэк – деструктивті кері байланыс, топикальное предложение - мәністік сөйлем, интерактивный маркетинг – интерактивті маркетинг, видеоадаптер – бейнебейімдеуіш, встроенное ветвление – кірістірілген тармақталу сияқты 800-ден аса термин бекітілді.

Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылады.

Comments (0)
Post a comment