МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА ҚЫЗУ ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ

27.02.2023

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Қазмедиа орталығының басқарушы компаниясы» ЖШС-нің өзара екіжақты меморандумға отырғанына бар болғаны екі аптаның жүзі ғана болды. Соған қарамастан екі тараптың мүддесіне орай жоспарланған жұмыстар қазірдің өзінде қызу басталып жатыр.

Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы Жазира Искакова мен басқарманың ғылыми қызметкері Айгүл Орманованың серіктестіктің қызметкерлеріне ұйымдастырып өткізген қазақ тілі сабағы – осы құжат аясында атқарылар игі істердің алғашқы қарлығашы іспетті.

Бірден айту керек, алғашқы сабақ қатысушылар көңілінен шықты.

«Күнделікті тұрмыста, кәсіпте, түрлі ресми шараларда қазақ тілінің қолданылу аясы мен өрісі скеңіп келе жатқаны даусыз ақиқат. Екіжақты құжаттың басты міндеті, сайып келгенде, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ана тілімізді асқақтату. Дәріс барысында заманауи тіл меңгеру үдерісін ескере отырып, тілді жылдам әрі оңай меңгерудің түрлі тәсілдерін кеңінен пайдаланатын боламыз. Сабақ барысы мейлінше тартымды өтуі қажет. Қазақ тілін оқытып, үйретіп жүрген оқытушылар мен ұстаздарға әдістемелік көмек, қолдау көрсетуді де басты назарымызда ұстаймыз»,– дейді  ұйымдастырушылар. Олардың айтуынша, мұндай екіжақты тиімді меморандумға отыру үрдісі әрі қарай өз жалғасын таба беретін болады.

 

Comments (0)
Post a comment