«ҚАЗАҚ ТІЛІ» (В1-В2 деңгейлері) ӘМБЕБАП ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

06.03.2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 09 наурызда онлайн режімде (ZOOM платформасында) Астана уақытымен сағат 15:00-де «Қазақ тілі» (В1-В2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесерін өткізеді.

Шараның мақсаты – отандық және шетелдік қазақ тілін үйрету, мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету. Аталған мақсат аясында Қазақстанда және Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген азаматтарымызға қолдау көрсету міндеттері қойылып отыр. Оқулықтардың тұсаукесері барысында авторлар оқулық таныстырылымын жасайды, сондай-ақ тәуелсіз (отандық және шетелдік) сарапшылар өз пікірлерін білдіріп, бұл еңбектермен қайдан және қалай танысуға болатыны туралы толық ақпарат беріледі.

Comments (0)
Post a comment