ҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫНДА БОЛДЫ
29.03.2023
To favorites
2023 жылғы 27-28 наурыз күндері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Ж.Искакова M.Narikbaev Universiteti (KAZGUU) «Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдістемесі» республикалық байқауының қазылар құрамында болып қайтты.
Алты жылдан астам уақыт бойы үздіксіз өтіп келе жатқан шоқтығы биік байқаудың басты мақсаты ана тілімізді креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін анықтау, оның бірыңғай базасын дайындау, мемлекеттік тілді үйретудің ерекше және қалыптан тыс тәсілдерін БАҚ арқылы көпшілікке насихаттау болып табылады.
Бұл жолы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 11 үміткер бақ сынасты.
«Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп, сапасы артып келе жатқан шараға Орталық мамандарының тартылуы бір бұл емес. Бірінші кезекте, әдістемелік жағынан тәжірибе алмасу үшін өте тиімді. Әсіресе, ұстаздар қауымының қазақ тілін креативті оқытуға деген қызығушылығы қуантады. Жақсы ізденістер көп. Оқушылардың қабылдауы да ерекше»,– дейді Жазира Мақсұтқызы.
Comments (0)
Post a comment