АХАҢ ТАҢДАМАЛЫСЫ – БАЛА АХМЕТТЕ

31.03.2023

Көзі қарақты оқырман ұмыта қоймаған шығар, мұның аз-ақ алдында Орталығымызға Моңғолияның астанасынан қазақ тілінің оқытушысы Харий Сандуғаш келіп, Ахмет есімді ұлының бар екенін естіген соң, ұлт ұстазының төрт тілде жарық көрген Таңдамалысы естелік сыйға тартылғанын суретімен қоса жариялағанбыз. Жақында тамаша тартуды жас өскінге табыстағаны туралы хабар алдық.

«Әлбетте, әрбір бала бақытты өмір сүруге лайықты. Дана халқымыз: «Берсең, балаға бер!» деп тегін айтпаса керек. Оған осы жолы өзім де анық көз жеткіздім. Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін беріп тұрып, ұлымның жүзі бал-бұл жайнап, мәз-мей­рам болып, ерекше сезім­ге бөленгенін көрдім. Бұйыртса, алдағы сәуір айында алғашқы мүшел жасына толады. Жақсы ырымға баладым. Әр ісіңізге береке тілеймін!»,– деді қуанышын  жасыра алмаған Сандуғаш телефон арқылы.

Comments (0)
Post a comment